Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Шаhар шымқалаға айналады


Кейінгі кездері еліміздің мұнайлы астанасы — Атырау қаласын көгалдандыру, біртіндеп шаһарды шымқалаға айналдыру бағытында жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Осымен байланысты қордаланған экологиялық проблемалар, қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі өзекті мәселелер оң шешім табуда.

Теректің саны екі есеге көбейді

Бұл шаруамен жүйелі түрде шұғылданып келе жатқан «Каспийдормостострой» ЖШС-нің мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жөніндегі жоба жетекшісі Леонид Задерныйдың айтуынша, серіктестік жұмысқа кіріскелі бергі бес жылда Атыраудағы тал-теректің саны екі есеге жуық көбейді. Мәселен, 2019 жылы компания күтімге алған ағаштардың саны 39 865-ті құраса, 2023 жылдың соңында бұл көрсеткіш 68 298-ге жеткен. Яғни, осы екі аралықта 28 433 көшет жаңадан отырғызылған.

Гүлзарлар аумағы ұлғайды

— Қазір қалаға көрік берумен бірге таза ауамен қамтамасыз етуге кепілдік беретін теректер мен бұталардың 80-нен астам түрі өсіріледі. Оған қоса, жалпы ауданы 11 566 шаршы метрді құрайтын көпжылдық гүлдер де қаланың эстетикалық келбетін жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы экологиялық ортаны қалыптастыруға септігін тигізуде. Атап өтер жайт, соңғы жылдары күтімі көп шығынды қажетсінетін бұта тұқымдас өсімдіктердің көлемін ұлғайтуға назар аударылуда. Бұл да өзінің тиімділігін көрсетіп, оң нәтижесін беріп келеді. Мұның сыртында, шаһардың біраз бөлігін алып жатқан жасыл жабындының  ауданы 2019 жылғы 5 100-ден 2023 жылы 183 763 шаршы метрге артты. Нақтылай кетсек, 178 663 шаршы метрге көбейді. Біздің басты мақсатымыз — Атырауды шым қалаға айналдыру, — дейді компания өкілі.

Ақаулы құбыр жөнделді

Бүгінде кәсіпорынның теңгерімінде  12 сорапты станса, 10 су жинақтайтын  резервуар және жалпы ұзындығы 300 шақырымды құрайтын түрлі диаметрдегі суару-суландыру желісі бар. Осы суару құбырының 45 шақырымы жөнделіп, толықтай қалпына келтірілген.
Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button