Жарнама
Жаңалықтар

«ШАҢЫРАҚ» ЖУРНАЛИСТЕРДІ ШАҚЫРАДЫ

 

Конкурс бес номинация бойынша өтеді:
— Қазақстан қоғамындағы этносаралық келісімді нығайту;
— Қазақстандық патриотизмді нығайту жолындағы мемлекеттік рәміздердің рөлін жариялау;
— Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін түсіндіру;
— Қазақстан этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрін дамыту;
— мемлекеттік тілдің рөлін көтеру.
Конкурсқа қатысушылар Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында www.mki.gov.kz тіркеліп, сауалнаманы толтырып және конкурстық жұмыстарын онлайн түрінде бекітуі қажет. Сондай-ақ, кең көлемдегі конкурстық жұмыстарды (10 Мб аса) shanyrak2013@bk.ru немесе YouTube-қа тіркелген электрондық адреске жолдау керек.
Сонымен қатар, ұйымдастыру комитетіне автор туралы ақпарат, оның оқитын жері, жұмысы, лауазымы, мекен-жайы, байланыс телефондары көрсетілген өтінішті жолдауға болады. Жарияланған материалдардың көшірмелері және DVD, CD форматындағы дискілердің жазбалары қоса тіркелуі керек.
2013 жылдың 25 қыркүйегінен бастап министрліктің ресми сайтында ашық дауыс беру басталады. Дауыс беру сайтта тіркелгеннен кейін ғана мүмкін болады. Онлайн дауыс беру негізінде қазылар алқасы жеңімпаздарды бес номинация бойынша анықтайды.
Желтоқсан айында оларды Қазақстан халқы Ассамблеясының және Мәдениет және ақпарат министрлігінің бағалы сыйлықтары және Құрмет грамоталарымен марапаттау рәсімі өтетін болады.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі,
010000, Астана қаласы,
Министрліктер үйі, 15 кіреберіс,
Тел.: (8 7172) 74 04 32,
8 (7172) 74-04-65 7-702-748-55-50 shanyrak2013@bk.ru.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі,
Этножурналистика саласында «Шаңырақ» конкурсының
ұйымдастыру комитеті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button