Жарнама
Жаңалықтар

Серік Шәпкенов: тиісті органдар өрттің шығу себебінің барлық нұсқасын тексеруде

Облыс әкімі Серік Шәпкенов жедел штаб отырысында «Ақжайық» резерватындағы өрттің шығу себептеріне қатысты түсініктеме берді, — деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Әлеуметтік желілерде өрттің шығу себептеріне байланысты түрлі болжам айтылуда. Тиісті органдар менің тапсырмам бойынша бұған себеп болуы мүмкін барлық жағдайды, нұсқаларды жан-жақты тексеріп жатыр», — деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы егер өрттің адам қолымен, әсіресе қасақана қойылғаны анықталса, кінәлілердің заң аясында жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. Тексеру нәтижесі БАҚ-та жарияланатын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button