Жарнама
Жаңалықтар

Серік Шәпкенов Құлсары тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімі Серік Шәпкенов Құлсары тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-талаптарын тыңдап, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу тәртібін түсіндірді, — деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.

Облыс басшысы тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, мүлкі апатты деп танылған зардап шеккендерге өтемақы нарық құны бойынша төленетінін, Құлсары қаласында зардап шеккендердің арнайы нысаналы шоттарына шамамен 200-240 мың теңге төленетінін хабарлады.

Атырау облысы әкімінің айтуынша, су тасқыны кезінде зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары ақшалай өтемақыларды нысаналы мақсаты бойынша — жаңа тұрғын үй сатып алуға, тұрғын үй салуға немесе жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына жұмсауға тиіс.

-Қазір бірінші кезекте су тасқынынан зардап шеккендер бағалау қорытындысымен және мүлікті техникалық сараптау қорытындыларымен танысып, ақшалай қаражатты төлеуге өз келісімін беруі тиіс. Төлем екі апта ішінде жүргізіледі, — деді Серік Жамбылұлы жиналғандарға.

16 мамыр күні Жылыой ауданында 3613 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Төленген қаражаттың жалпы сомасы – 1 млрд. 387 млн. теңге.

Сонымен қатар келтірілген материалдық залал үшін өтемақы төлеу үшін құжаттар дайындалады. Жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру және бағалау жүргізілуде. Қазір барлығы 2950 өтініш қабылданып, оның 2697-сі қарауға жіберілді, 2624 үйге бағалау және 2671 үйге техникалық тексеру жүргізілді. Апатты 756 үй анықталды. 15 мамырдан бастап алты мобильді топ 100-ден астам құлсарылықтың үйлеріне барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың мүлкіне келтірілген залалды бағалау және техникалық сараптама қорытындылары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

15 мамырда Құлсарында жылжымайтын мүлікті бағалау және техникалық сараптау қорытындыларын жариялау бойынша мобильді топтардың жұмысы басталды. Жылыой ауданының 100-ден астам тұрғыны бағалау парақтарын алды. Екі күн ішінде олар ақшалай өтемақы алуға өтініш жаза алады. Барлық үй бойынша бағалау жұмыстарын 10 күн ішінде аяқтау жоспарланды. 
 
 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button