Жарнама
Жаңалықтар

Серік Шәпкенов Исатайда салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Исатай ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

img 0503
Screenshot

Алдымен Аққыстау ауылындағы 250 орындық өнер мектебіне барды. 2022 жылы салынып бастаған нысанның құрылысы 90%-ға аяқталды. Жыл аяғында пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр. Аймақ басшысы жауапты сала басшысына құрылысты өндірістік кестеге сай жүргізуді, белгіленген уақытта сапалы аяқтауды тапсырды.

Кейін Өркен елдімекеніндегі фельдшерлік-амбулаториялық пункт құрылысымен танысты. Бүгінде нысан пайдалануға беруге дайын, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып, жеткізілуі күтіліп отыр.

img 0505
Screenshot

Қазір Исатай ауданында үй кезегінде тұрған 921 адам бар. Кезек реттілігін азайту мақсатында 60 пәтерлік үш қабатты үш үй салынып жатыр. Аймақ басшысы cапар аясында осы үйлерге барды. Құрылыс 2019 жылдың мамырында басталды. Үш тұрғын үйдің біреуі аяқталуға жақын, алайда инженерлік инфрақұрылым жүргізілмеген. Ал екінші үйдің төбесі жабылды, үшінші үйдің құрылысы үшінші қабаты салына келгенде тоқтады. 

Үш тұрғын үйдің де іргетасында ақаулар бар. Облыстық құрылыс басқармасы ғылыми зерттеу институтының мамандарымен бірге үйдің іргетасын сақтап қалудың жаңа технологиялық шешімін тауып, бастапқы жобаға өзгерістер енгізді, құрылыс келер жылдың басында қайта қарқын алмақ. 

img 0504
Screenshot

Сондай-ақ NCOC NV компаниясымен тағы да 60 пәтерлік бір үйдің құрылысы жүруде. Қазіргі уақытта құрылысы аяқталса да, инженерлік инфрақұрылым жүргізілмеген, абаттандыру жұмыстары аяқталмаған. Бұл үйлерді пайдалануға беруге кедергі келтіріп отыр. Үйлердің сапасымен танысқан Серік Шәпкенов аудан әкіміне мердігермен келісімшартты тоқтатып, істі сотқа жолдауды тапсырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button