Жарнама
Жаңалықтар

Серік Шәпкенов БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Кеше, 28 маусым – БАҚ қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, сала қызметкерлерін құттықтап, бірнеше маманға мемлекеттік наградалар мен Алғыс хат табыс етті,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

-Қазір азаматтарының саяси мәдениеті өсіп, шынайы әрі аясы кең пікір алуандығы пайда болды. Бұқаралық ақпарат құралдары сөз бостандығын нығайтып, ашық бәсекелестікті қалыптастыруда, билік пен қоғам арасында конструктивті диалог ұйымдастыруда үлкен рөл атқарып келеді. Біздің өңірде де осындай өзгерістер жүзеге асырылуда. Бұл жерде Сіздердің әрқайсысыңыздың еңбегіңіз зор. Отандық масс-медиа тағылымды тарихы мен бай шежіресін, аға буын қалыптастырған ағартушылық дәстүрін әрдайым сақтай отырып, ақпарат таратуда объективтілікті, бейтараптылықты сақтап, ел мен қоғамның мүддесін бәрінен жоғары ұстауы қажет. Бүгінгідей мың құбылған алмағайып заманда үлкен істердің ұйытқысы болып жүрген Сіздергешығармашылық шабыт тілеймін, жұмыстарыңыз әркез табысты болсын!-деді С.Шәпкенов.

Шарада Серік Шәпкенов ҚР Президентінің Жарлығымен сала ардагері Төлеген Жаңайбайға «Құрмет» орденін, «Қазақстан» РТРК АҚ АОФ технико-пайдалану қызметінің бейнеинженері Хапия Сейітоваға «Ерен еңбегі үшін» медалін табыс етті.

Сонымен қатар «Хабар» агенттігі Атырау облыстық қосыны басшысы Арыстанбек Кенже, Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің ардагері Ағиба Катешова, «Ақ жайық» газетінің тілшісі Ляззат Қаражанова, «Caspian news» телеарнасының бас режисері Ботагөз Қарабалаева «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен наградталды.

Бұдан бөлек, «Қазақстан» РТРК АҚ АОФ шеф-редакторы Жұлдыз Тілеухан ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет» грамотасымен, ал Атырау облысы әкімі аппараты Өңірлік коммуникациялар қызметі «Графика дизайны және түсірілім» бөлімінің маманы Орынбасар Болатбаев, «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің SMM және контент бөлімінің маманы Ақкүн Сембаева, «Қазақстан» РТРК АҚ АОФ телеоператоры Қуаныш Бекбергенұлы ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ салтанатты жиында «Атырау» облыстық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы Назарбек Қосшиев, «Прикаспийская коммуна» газетінің Бас редакторы Надежда Шильман, «Caspian News» телеарнасының директоры Қазбек Кертаев «Сұлтан Бейбарыс» медалімен марапатталды. Төсбелгіні облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов табыс етті.

Сонымен қатар бірқатар қызметкер облыс әкімінің, облыстық мәслихат төрағасының, ардагерлер кеңесінің Алғыс хатын иеленді.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button