Жарнама
Жаңалықтар

Серік Шәпкенов атыраулықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тұрғындарды Алғыс айту күнімен құттықтады.

Ардақты жерлестер!

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бұл – өзара тілектестікті, жанашырлықты, қамқорлықты дәріптейтін мейрам. Біз осындай ынтымақтың арқасында қиын-қыстау күндерде мемлекеттігіміз бен тұтастығымызды қорғап қалдық»,– деп атап көрсеткен болатын.

Шынында да, қабылданғанына онша көп уақыт өте қоймаса да, бұл күн қысқа мерзімнің ішінде біздің баршамыз үшін ізгілік пен мейірімділіктің нышанындай болып кетті.

Өйткені, бұл мерекенің астарында адамдыққа үндейтін даңқты дәстүрімізді дәріптеумен бірге, өткен тарихымызға деген үлкен құрмет жатыр.

Ұлы бабамыз Әл-Фараби: «Адамның тоқымашы не хатшы болып тумайтыны тәрізді, қайырымдылық пен қайырымсыздық та жаратылыстан бойға бітпейді»,– деген екен.

Яки, тәрбие арқылы бойға сіңеді.

Осы тұрғыдан келгенде, Алғыс айту дегеніміз – адамдардың бір-біріне жасаған жақсылығы мен қиын сәтте көрсеткен көмегі үшін өз ризашылығын білдіруі, жасаған ізгі істеріне жоғары баға беруі.

«Орынды айтылған сөз – орнына қағылған шеге сияқты», дер кезінде жылы сөзбен демеп, жасаған іс-әрекетке ыстық ықылас танытып отырғанға не жетсін?!

Бірлігімізбен – көздеген мақсаттарымызға жетеміз.

Барша жерлестерді көктемнің өзіндей, күн көзіндей шуақты мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің ертеңі жарқын болсын!

Әр отбасына бақ-береке, қуаныш, шаттық тілеймін!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button