ЖаңалықтарСаясат
Серік Қадыров: «Бұл қадам — ішкі тұрақтылық үшін қажет»
Atr.kz/ 9 сәуір, 2019 жыл. «Елбасы өз өкілеттігін тоқтатқаннан соң, бейбіт түрде, конституциямызға сәйкес биліктің ауысуы – жаңаруға, жаңғыруға бейім қоғамның белгісі» дейді Атырау қалалық Жастар орталығының жетекшісі Серік Қадыров.
«Іс басындағы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы шешімі өте орынды. Өйткені, қазіргі уақытта мемлекетімізге айқындық пен ертеңге деген сенім қажет. Кезектен тыс сайлау өткізу арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, әлемдік аренада да өз орнымызды айқындай түсеміз. Бұл — уақтылы қабылданған оңтайлы шешім» деді спикер Серік Қадыров Atr.kz-ге берген сұхбатында.
Амандық АБДОЛОВ.