Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Серік Ерубаев полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті

Халық қалаулысы тәртіп сақшыларымен кездесті.

Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті. Кездесу «Ақ жол» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ермекқали Юсупов пен Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың қатысуымен өтті.

  • Қаңтар оқиғасы қоғамда әлі талқылануда. Атырауда басқа қалалардағыдай тонау деректері болған жоқ. Бұл — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз еткен тәртіп сақшыларының абыройлы қызметінің нәтижесі, — деген Серік Сәрсенұлы қызметтерін мінсіз атқарған полицейлерге алғысын жеткізді.

img 20220222 wa0110

Мәжіліс депутаты оқиға барысында арандап қалғандарға адамгершілік танытып, бүлікшілерге заң тұрғысынан әділ бағасы берілу керектігіне тоқталды.

«Азаматтардың құқығы жерге тапталмауы керек» деп нықтады С.Ерубаев.

Кездесуде полиция қызметкерлері толғандырған сұрақтарына да жауап алды.

-Жаппай тәртіпсіздік кезінде 57 тәртіп сақшысы жарақат алды. Осы қызмет бабында дене жарақатын алған қызметкерлермен де кездесу ұйымдастырыла ма? — деп сұрады Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Қайыров.

Зардап шеккендермен де кездесетінін айтқан Мәжіліс депутаты ішкі істер органдары туралы заң жобасы қаралып жатқанын тілге тиек етті. Заң жобасының бірқатар нормалары құқық қорғау органдарының қызметкерлерін материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, соның ішінде бұрынғы қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін қамтиды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button