
ЖаңалықтарСаясат
Сенат спикері Дариға Назарбаева президент сайлауына түспейді
Atr.kz/ 9 сәуір, 2019 жыл. Ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға Сенат төрағасы Дариға Назарбаева кандидат ретінде қатыспайды.
Бұл туралы Сенат спикерінің көмекшісі Сәуле Мұстафаева айтты. «Жоқ, Дариға Нұрсұлтанқызы сайлауға түспейді», — деді ол.
Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жолдап, онда 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президенттік сайлау өтетіндігін жариялаған болатын.
Дереккөз: «Қаз Ақпарат»