Жарнама
Жаңалықтар

Сенат сайысқа шақырады

Атырауда 16 маусымда шахматтан өтетін «Senat Open» іріктеу кезеңіне тіркеу басталды.

Қоғам белсенділері, журналистер және депутаттар арасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан турнирден іріктелген жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алады.
«Senat Open» турнирінің басты мақсаты — шахматты насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу.

Айта кетейік, биыл Қазақстан мәслихатының құрылғанына — 30 жыл. Сондықтан ұйымдастырушылар бұл жарысқа қатысушылардың стратегиялық ойлау қабілетін дамытуға таптырмас іс-шара екендігін айтады.

Жарысқа қатысуға тіркелу үшін көрсетілген телефон нөміріне хабарласуға болады: 8701 755 26 75.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button