Жарнама
Саясат

Сенат Қазақстан мен Қатар арасындағы әскери ынтымақтастық туралы заңды мақұлдады

Кеше Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.

Сенаттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл құжат Қазақстан мен Қатар арасындағы әскери білім беру, қызметшілерді даярлау, әскери медицина, мәдени және спорттық іс-шаралар, бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялар сияқты бірқатар салада ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Сонымен қатар келісім тараптар арасындағы әскери мүлік транзиті, әуе кеңістігі мен полигондарды пайдалану мәселелерін де реттейді.

–Келісім аясында Қатар мемлекетімен әскери саладағы ынтымақтастықты арттыруға арналған бірлескен шаралар қарастырылды. Бұл қадам екі елдің қауіпсіздігін күшейтіп, серіктестікті нығайтуға бағытталған. Мақұлданған заң мемлекеттер арасындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді деп сенеміз, — деді Мәулен Әшімбаев.

Келісім бастапқыда бес жыл мерзімге жасалып, автоматты түрде ұзарту мүмкіндігімен бекітілді. Егер тараптардың бірі ұзарту шарттарына келіспесе, келісім мерзімі аяқталғанға дейін алты ай бұрын хабарлануы қажет.

Сонымен қатар отырыста сенаторлар депутаттық сауалдарын жолдады. Сергей Ершов қалалардағы инфрақұрылым мәселелерін шешу қажеттігін көтерсе, Қайрат Тастекеев өңдеуші сектордың дамуына қатысты проблемаларды атап өтті.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button