Жарнама
Жаңалықтар

Сенат депутаты конституцияны өзгертуді қолдайтынын айтты

Қайрат ИЩАНОВ,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

16288114-91f3-4d57-9f35-10d340909c70

1. — Президент Үндеуі тосыннан туындаған жоқ. Бұл – алдын-ала ойласу, жан-жақты дайындық нәтижесінде келген мәселе. Үндеу жарияламастан бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жөніндегі нақты ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды. Осы мақсатта жұмыс тобы құрылды. Құрамына мемлекеттік органдардың, депутаттық корпустың, сот жүйесінің, Қазақстан заңгерлері одағының өкілдерінен және белгілі заңгер-ғалымдардан тұратын жұмыс тобы бүгінде нақты ұсыныстарды түсіріп отыр.

Елбасының бұл мәселені жалпыхалықтық талқылауға шығаруында да үлкен мән жатыр. Себебі, халық – биліктің қайнар көзі десек, Ата заңға енгізілетін өзгерістер ең алдымен ел игілігі үшін, заманауи мемлекет қалыптастыру мақсатында жасалып отыр.

Ашып айту керек, өзгерістер мақұлданған жағдайда бұл – «мемлекетті басқарудағы Президенттің рөлі толықтай азаяды» деген сөз емес. Президент ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат, мемлекеттің мызғымастығы мәселелерімен тікелей айналысады. Сондай-ақ, Сыртқы істер министрі мен Қорғаныс министрі кандидатураларын бекіту де Президенттің құзырында қалады.

Ал, Үкімет пен  Парламенттің рөлін кеңейту арқылы ол органдарға жауапкершілік жүгі күшейіп отыр. Жұмыс тобы Премьер-Министрді тағайындаудың қолданыстағы тәртібін сақтап қалуды ұсынды. Бұл – парламенттік республикалардың өзінде бар тәжірибе. Десе де, Үкімет басшысын ұсынған кезде Президент Парламенттің партиялық құрамын ескеруге міндетті. Олай болмаған жағдайда, ұсынылған кандидатураны депутаттар корпусы кері қайтаруы мүмкін.

Басты жаңалық – Үкіметтің қайта жасақталған Парламент Мәжілісінің алдында өз өкілеттігін доғаруын белгілейтін норманың ұсынылуы. Демек, бұл – «Үкімет пен Парламенттің өзара қарым-қатынасындағы сыни  көзқарас одан әрі дами түседі» деген сөз. Жаңа өзгерістер саяси партияларға да жауапкершілік жүктейді. Саяси партиялар шын мәніндегі қоғамның қозғаушы күшіне айналуы тиіс.

2. — Мәселе Мемлекет басшысының үлкен саяси қадамында болып отыр. Өз құзыретіндегі бірқатар өкілеттіліктерді Үкімет пен Парламентке беру жөніндегі Президент шешімі – саналы қадам. Бұл – жаһандық ахуал мен ғаламдық үдерістерге, технологиялық және әлеуметтік жаңғырту талаптарына берілген нақты жауап. Басты мақсат – басқару жүйесінің тиімділігін мейлінше арттыру болып отыр.

Еліміздің саяси жүйесін демократияландыруға бастайтын бұл реформа Үкімет пен Парламентке де келелі міндеттер жүктейді. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалысынан бастап, өзге де ішкі саяси жағдайларға тікелей жауап беру арқылы  атқарушы орган мен заң шығарушы палаталар дамудың жаңа кезеңіне аяқ басады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button