Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Семейге тарихи орталық мәртебесі беріледі

Atr.kz/24 қаңтар, 2020 жыл.  Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге тарихи орталық мәрбесін берудің маңызы жайында айтты.

«Сіз Семей қаласын абаттандыру жайында баяндадыңыз. Қазіргі кезде менің шешіміме сәйкес, Семей қаласына тарихи орталық мәртебесі беріледі. Бұл тек атау ғана емес, осы орайда бірқатар нақты шаралар қамтылады, яғни шынымен де осы тарихи қаланың тұрғындары Үкіметтің, басшылықтың тарапынан көңіл бөлініп отырғанын сезіну үшін керек. Менің ойымша, бұл міндетті сіз жүзеге асыра аласыз» деді Президент Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке қарата айтқан сөзінде.

Сондай-ақ Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған шаралар қандай бағытта өтуі керектігін түсіндірді.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:

http://atr.kz/bez-rubriki/abajdy-t%D2%AFsinip-zh%D2%AFrmiz-be/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button