Жаңалықтар

Сәулетші тасқынның алдын алуда пікір білдірді

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі – су тасқынынан келер қауіптің алдын алу кім-кімді де алаңдатпай қоймайды. Сәулетші Талғат Қасенов әлеуметтік желідегі парақшасында мәселеге орай пікір білдіріп, өз ұсынысын қалдырыпты.

Оның айтуынша, Махамбетте салынған көпір өзінің кірме жолдарымен екі беттегі автокөлік жолдары арасын қосуы себепті, тасқын су жолындағы бірден-бір жақсы салынған «бөгет» болса керек-ті. Сондықтан бұл тасқын судың бағытын Атырау қаласынан бұруға ыңғайлы орын.

–Көпір асты бөгет бойындағы басқарылмайтын су өкізу шлюзі ролін атқарады. Енді тасқын су осы бөгетке тірелген соң тез арада су жолын ашпаса осы «бөгетті» де (мостовой переправа) бұзып кету қаупі бар. Осыған байланысты тасқын судың бөгетке жиналмай тез, яғни еш кедергісіз еркін өтетін бағытын әзірлеу қажет. Бұл үшін шұғыл екі беттегі де автокөлік жолдарын бұзып, еркін су өткізетін құрылғыларды салу маңызды, одан әрі судың бағытын топографиялық картамен биіктік деңгейлерін есептей отырып су жолын бульдозерлермен тегістеп, қазу жұмыстарын атқарған жөн. 13-ші ауыл тұсында Доссорға қарай кететін 1994 жылы келген судың бұрынғы ізі бар. Осы жолды биіктік белгілерімен қуып, қажет жерлерін кеңейткен дұрыс. Ал келесі беттегі де су жолын алдын ала қазып әзірлеп, Таңдай автокөлік жолын жағалатып (мүмкін жолдан өтіп каналға бірден шығу қажет) теңізге бағыттауымыз керек. Яғни жолдың төмен тұстарына топырақ үйіп, суды өткізбей Бақсай каналына қарай бұрған дұрыс және осы жұмыстарға шұғыл кірісу қажет деп ойлаймын, — дейді Талғат Қасенов.

Осындай маңызды пікірімен бөліскен білікті маман су жолының сызбасын да қоса ұсынып отыр.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button