Жарнама
Жаңалықтар

Сауда сөрелерінде – өз өніміміз!

Күн санап сауда сөрелерінде жергілікті көкөніс пен баубақша өнімдерінің көбейіп келе жатқаны байқалады. Биыл «Дастан» шаруа қожалығы да қарбыз, қауын тәрізді өнімдерін тұтынушыларға ұсына бастады. Сонымен қатар, күніне 20 тоннаға дейін картоп, баклажан, сәбіз өнімдері сауда сөрелеріне шығарылуда.

Қоныс Ерманов жетекшілік ететін ұжым көп жылдан бері аймақ тұрғындарын ерте пісетін өнім түрлерімен қамтамасыз етіп келеді. Бір ерекшелігі, 120 гектарға созылған егістік алқабына әдеттегідей дән егілмейді, көшеттер отырғызылады. Есесіне егін бір ай бұрын пісе бастайды. Мұндай әдісті қолданатын фермалар облыста саусақпен санарлық. Барлығы көкөністің 12 түрі өсіріледі.

— Биыл жеке шаруаларға мемлекет тарапынан көп көмек көрсетілді. Мәселен, 20 миллион теңгеге тамшылатып суару жүйесін толық қайта жаңғырттық. Ол соманың 30 пайызын мемлекет субсидиялады. Қазір 80 адамды жұмыспен қамтып отырмыз, — дейді кәсіпкер.

Өз тілшіміз.

 

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button