Сауда орталығында – «Халық заңгері» (+ФОТО)
Atr.kz/25 қараша, 2019 жыл. Өңір тұрғындары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тегін кеңес алды. Қаладағы «БАЙЗААР» сауда орталығында өткен шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Тұрғындарға тегін жоғары білікті заң көмегін көрсету үшін түрлі салалардан 40-тан астам кәсіби заңгерлер тартылды. Олардың ішінде белгілі адвокаттар, сот орындаушылары, полицейлер, әділет қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалар бар.
«Бүкіл әлемдегі заңгер мамандығы қоғамда ең құрметті және сұранысқа ие. Біз азаматтардың құқығы қорғалатын мемлекетте тұрамыз. Бұл акцияның әлемде аналогы әлі жоқ. Іс-шара бір мезгілде еліміздің барлық облыстарында басталды. Көптеген келушілер өз жағдайына байланысты мамандардан толыққанды кеңес алды» деп атап өтті облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы Бауыржан Ұзынжас.
Аталған науқан барысында азаматтардың заң көмегін алу мүмкіндігі туралы жаппай хабардар етілді. Сонымен қатар, аталмыш акция облыстың барлық жеті ауданында бір мезгілде өткізілді.