СӘТТІ САПАР ТІЛЕДІ

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қоры діни ағымдардан жапа шеккендерге қол ұшын беріп келеді. Осы орайда жуырда облыстық дін істері басқармасының қолдауымен «Иманғали» орталық мешітінде  мектепті тәмамдап, еңбекке қадам басқан 700-ден  астам болашақ маманмен кездесу кеші ұйымдастырылды.

 

Ондағы мақсат – түлектерді мамандық таңдауда қателеспеуге шақырып, еңбек жолына сәтті қадам басуға жәрдемдесу. Шараға аталмыш басқарманың бас маманы Қаһарман Мусаев, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров, облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері Кенжеғали  мен Махмұд ақсақалдар, қоғамдық қор директорының орынбасары Айбек Асқарбекұлы, теолог-дінтанушы Қанат Жұмағұл қатысты. Ағалық ақылдарын айтқан олар ел сенімін ақтар жастарға сәт-сапар тілеп, ескерткіш сыйлықтар табыс етті.

Гүлбану САБИРОВА,

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек

орталығы» қызметкері.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз