
«Сарайшық» базарында аудан кәсіпкерлерінің жәрмеңкесі басталды
Жәрмеңкенің ерекшелігі – Атыраудағы 7 аудан жергілікті өнімдерін кестеге сəйкес ұсынады,-деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өткен сенбіде Жылыой ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін саудаға шығарса, алдағы 17-18 ақпан күндері Қызылқоға ауданының агрофермерлері жәрмеңке өткізбекші.
«Бұл жəрмеңкелер екі мəселені шешуді көздейді. Біріншіден, ауылдағы бизнес өкілдері тауарларын сатуға мүмкіндік алады, екіншіден, тұрғындар үшін өнімнің бағасы қолжетімді болады»,-дейді Атырау облысы əкімінің орынбасары Əлібек Наутиев.
Атырау облысы аудандарының жәрмеңкеге қатысу кестесі: Жылыой ауданы: 10 — 11 ақпан, Қызылқоға ауданы: 17 — 18 ақпан, Мақат ауданы: 24-25 ақпан, Индер ауданы: 3-4 наурыз, Махамбет ауданы: 10-11 наурыз, Исатай ауданы: 17-18 наурыз, Құрманғазы ауданы: 24-25 наурыз.