СарапTime: «Мұнайлы астанада» электр қуаты қаншаға қымбаттайды?
Атырау облысында электр энергиясының бағасы қымбаттайды. Ел экономикасының драйвері – мұнай-газ өнеркәсібі шоғырланған аймақтағы негізгі тұтынушыларды өзара бөлісе алмаған монополист компаниялардың текетіресінің ақыры осыған соқтырары ақиқат.
Ал, оның зардабын қарапайым тұтынушы тартатын түрі бар. Әсіресе, бар тірлігі электр қуатына тәуелді шалғайдағы Азғыр өңірінің тұрғындарына ауыр тиетін сыңайлы. Оған себеп, шекара бойлай қоныстанған 8 ауыл жарықты Ресейден алады.
Атырау қаласынан 600, аудан орталығынан 300 шақырым шалғай жатқан ауылдарға әлі күнге қазақстандық электр желісі тартылмаған. Экспорттық қуатқа тәуелді ауданды қамту үшін «Атырау-Жарық» акционерлік қоғамы Ресейден алған электр энергиясының тарифін сатып алу құнынан 5,5 есе төмен беріп келген еді. Қосымша шығын мұнай компаниялары мен ірі кәсіпорындар есебінен жабылатын. Алайда, биыл қаңтар айынан бастап, «Атырау жылуқуат орталығы» акционерлік қоғамы пайдаланатын табиғи газдың тасымал құны екі есе қымбаттап кетті. Электр мен жылу бағасының қымбаттау себебі де осыған байланысты.
Ресейдің Волгоград ГЭСінен шығатын электр қуаты алдымен «Сүйіндік» электр тарату бекетіне келеді. Басқа ауылдарға осы жерден бөлінеді екен. 110 мың киловольт 8 елді мекенге таратылады. Балқұдыққа 35 киловольт, 110 киловольт – Асан ауылына беріледі. Әзірге мұқтаждықтың болмауы – ішкі электр желілеріне үнемі жүргізілетін жөндеу жұмыстарының нәтиже сі. Әйтпе с е, бұл желілердің тартылғанына да 40 жылдан асқан. Тек биылдың өзінде энергетиктер өз күштерімен Сүйіндікте 5 шақырымдық желіні ауыстырыпты.
Осындай жұмыс енді Балқұдықта да басталады. 300-ден астам тұрғыны бар Сүйіндік ауылына көгілдір отынның негізгі желісі былтыр жетті. Алайда, табиғи газ құбыры әр үйге кіргізілген жоқ. Тұрғындар құнының қымбаттығын айтады. Сондықтан, көптеген үйлер бұрынғыша электр қуатына тәуелді. Егер электр э н е р г и я с ы н ы ң б а ғ а с ы қымбаттаса, олар шығынға бататынын айтып уайымдайды. Мысалы, Жәрдемовтер отбасында 10 адам бар. Олардың үйі электр қуатымен жылытылады екен.
- — Үйдегі қазандықтың қуаты айына 6 киловатт. Ал, үй аумағы шамамен 150 шаршы метрдей, соны толық жылытып тұр. Төлемақы ай сайын 30- 40 мың теңгедей болады. Егер тариф көтерілетін болса, оны төлеу оңайға түспейді. Себебі, жер шалғай болған соң біздің ауылдың күнелтісі қиын ғой. Оны жоғары жақтан түбегейлі шешпесе, жағдай күрделеніп кетуі мүмкін, — дейді ауыл тұрғыны Шаймардан Жәрдемов.
Биылға дейін Азғырдағы 8 ауыл тұтынатын электр энергиясының бағасын отандық компания реттеп отырды. Олар Ресейден 1 кВт қуатты 29 теңгеден алып, тұрғындарға 4 теңге 73 тиыннан, яғни Атырау облысының ішкі тарифімен сататын. Бірақ жаңа жылдан бастап, облысты электр энергиясы және жылумен қамтып келген жылу-қуат орталығына келетін табиғи газды тасымалдаушы «Интергаз-Орталық Азия» компаниясы тасымал құнын екі есеге өсірді. Соның кесірінен қазірдің өзінде «Атырау жылуқуат орталығының» шығыны 2 миллиард теңгеден асыпты. Енді орталық та тарифты қымбаттатуға мәжбүр. Тұрғындардың жағдайын ескерген жергілікті әкімдік осы шығынның бір бөлігін жаппақ.
- — Әкімдіктің жабатыны жалпы шығынның төрттен бір бөлігіне жетпейді. 280 миллион теңге көлемінде ғана. Сонда 1 миллиард 900 миллион теңгенің үстіндегі шығын жабылмай қалып отыр. Мысалы, біз тасымалға айына 600 миллион теңге төлейтін болсақ, ақпаннан бастап 1 миллиард 200 миллион теңге төлеуіміз керек. Сол себепті амалсыздан министрлікке өзіміз көрсететін қызмет құнын көтеру жөнінде өтініш бердік. Олай болмаған күнде, жылу-қуат орталығы жұмысын тоқтатады да, Атырау қаласы жылусыз қалады. Ал, облыс аумағында электр энергиясына деген тапшылық туындайды, — дейді «Атырау-Жарық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Оразғали Қаршегенов.
Биыл мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің батыс өңірін электр энергия с ы м е н қ а м т уд ы ң ж а ң а бағдарламасы қолға алынбақ. Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры тарапынан бұл жұмыс басталып та кетті. Ең негізгісі – батыс аймақтағы электр жүйесін нығайту. Қазір бірнеше схема дайын тұр. Оған қосымша – Атырау облысына магистриалдықэнергетикалық жүйе орнатуға бағдарлама қабылданған. Оның бірі – Атырау облысының электр желісін Жезқазған арқылы «Сарыарқа» жүйесіне қосу, екіншісі – Ақтөбе қаласынан жаңа желі тарту. Бұл еліміз үшін ортақ электр жүйесін жасақтауға мүмкіндік береді. Сосын өндірісті өңірлер үшін жаңа баламалы қуат көзі қалыптастыруға жағдай жасайды.
- — Оған қосымша елді мекендер мен кәсіпорындарды электр қуатымен қамту жөнінде облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасы бар. Бұл жобада біз тек бүгінгі қиындықты шешуді қарастырмаймыз, алдағы 10 жылдық даму жоспарын жасақтаймыз. Ол үшін арнайы маман-ғалымдар шақырылады. С о л а р д ы ң т ұ ж ы р ы м ы н басшылыққа ала отырып, ортақ шешім қабылданады, — дейді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.
Қ.Бекеновтің айтуын — ша, бүгінде Атырау облысы тұтынатын электр энергиясының мөлшері – 732 мегаватт. Оның 414 мегаватын «Атырау-Жарық» компаниясы өндіреді. 46 мегаватт Маңғыстаудан, 12 мегаватт Ресейден алынады. Былтыр «Болашақ» мұнай дайындау зауыты базасынан қуаты 200 мегаваттық газ-турбиналық электр стансасы іске қосылды. Ендігі мақсат – осы қуат көздерін жинақтап, ортақ жүйе жасақтау.
Арыстанбек КЕНЖЕ
Құрманғазы ауданы
Коллажды жасаған: Дәурен Мұхамбеталиев