Жарнама
Жаңалықтар

САРАПТАМА — САПАЛЫ ҚҰРЫЛЫС КЕПІЛІ

Алқалы жиынға облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев және Астана қаласынан келген «Мемсараптама» РМК өкілдері мен осы кәсіпорынның Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстық филиалдарының басшылары қатысты.

 Ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР Ұлттық экономика министрлігі қаржыландыру көздеріне қарамастан ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік және көлік коммуникацияларын жаңадан салуға, сондай-ақ, қолданыстағыларын өзгертуге (реконструкциялау, кеңейту, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру, жаңғырту және күрделі жөндеу) арналған техника-экономикалық негiздемелер мен жобалау-сметалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптау ережесін бекіткен болатын.  Аталған ережеге сәйкес құрылыс жобаларына  «бір терезе» жүйесі арқылы сараптама жүргізу тәртібі белгіленді.

Аймақтық кеңестің ашылуында облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев сөз сөйледі:

—  «Мемсараптама» РМК арнайы кәсіпорын ретінде қызмет еткен күннен бастап елімізде құрылыс саласының дамуына өз үлесін қосып келеді. Атап айтсақ, апат, жарылыс, өрт және өзге де қатерлі жағдайлардың алдын алуы нәтижесінде жыл сайын бюджет және бюджеттен тыс миллиардтаған қаржы үнемделуде. Бүгінгі отырысымыз жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптауды «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізу және бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар мен алға қойылған міндеттер туралы болмақ, — деді.

Аймақтық басқосуға ТШО, «ISKER» консорциумы, «Engineering Service Provider» ЖШС, «Каспий Инжиниринг» ЖШС,  «RBM Sweco Productions» ЖШС, т.б. мекеме өкілдері қатысып, «Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары Ерік Едресовке көкейде жүрген сауалдарын қойды. 

«Мемсараптама» РМК-ның Атырау облыстық филиалының  директоры Нүкен Сұлтанбеков: «Алдағы уақытта біздің филиалымыз да «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс жасайтын болады. 20 маусымнан бастап тапсырыс берушілер мен жобалаушылар біздің сарапшыларымызбен электрондық пошта және телефон арқылы байланыс орнатады. Яғни, біздің қорытындыларымыз енді электрондық нұсқада болады. Кез келген мекеме мемлекеттік сараптама орталығының порталы арқылы өзіне қажетті қорытындыға қол жеткізе алады.  Біз «бір терезе» жүйесі арқылы  жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді болдырмауды көздеп отырмыз» деді бізбен әңгімесінде.

Бағила САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button