САРАПШЫ: Заң бұзушылыққа – тосқауыл!
Елдегі саяси доданың үгіт-насихат жұмыстары бүгінде межесіне жақындап келеді. Бұған дейін үміткер партиялардың сайлауалды бағдарламаларымен таныстырсақ, бүгін сайлаудың құқықтық қағидаттарына, елдегі сайлау жүйесіне биыл енген тың өзгерістермен бөлісуді жөн санадық. Соның бірі – әйелдер мен 29 жасқа дейінгі жастар үшін 30 пайыздық квотаның бөлінуі.
Толығырақ сарапшымыз – Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, құқықтану бойынша PhD докторы Ренат Шайхаденовтің төмендегі құнды ақпараттарынан біле аласыздар.
– Ренат Нұрлыбекұлы, Қазақстан Республикасында сайлау және сайлану құқығының қағидаттары қандай?
– Қазақстан Республикасы сай-лау құқығының қағидаттарына Конституцияда бекітілгендей, жалпыға бірдей сайлау құқығы, тең сайлау құқығы, төте сайлау құқығы, жана-ма сайлау құқығы, жасырын дауыс беру жатады. Соның ішінде жалпыға бірдей сайлау құқығы екіге бөлінеді. Бірінші, белсенді сайлау құқығы бой-ынша республиканың 18 жасқа толған азаматтары тегі, әлеуметтік, лауазым және мүліктік жағдайына, жыны-сы, нәсілі, ұлты, тілі, діни көзқарасы, тұрғылықты жері немесе кез-келген өзге жағдаяттарына қарамастан сайлауға дауыс беруге қатыса алады.
Ал, бәсең сайлау құқығы бойынша Парламент Сенатына үміткер 30 жасқа, Мәжіліс депутаты 25 жасқа толуы тиіс. Тең сайлау құқығында сайлаушылардың әрқайсысының бір сай-лау бюллетеніне сай дауысы болады. Ал, жанама сайлау құқығы – Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар мәслихат депутаты болып табылатын республика азаматы қатысады дегенді білдіреді. Дауыс беруге арналған бюллетендер сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатын ұсынғанда ғана беріліп, жасырын дауыс беру кабинасында жеке толтырылуы жасырын дауыс берудеп аталады.
– Сайлау құқығы жөнінде өзге елдерден айырмашылық бар ма?
– Қазақстан беделді халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі бола отырып, өзі қабылдаған ерікті және бәсекелі сайлау өткізу жөніндегі барлық міндеттемелерді ұстанады. Мемлекет басшысын сайлау және Қазақстан Республикасының Парламентін, сондай-ақ, жергілікті өкілді органдарды құру біздің елімізде ұлттық заңнамаға және Жалпыға бірдей адам құқығы декларация-сына (1948 ж.), Халықаралық азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіге (1966 ж.), Еуропалық адам құқығы мен негізгі бостандықты қорғау туралы конвенция-сына (No1 Хаттама, 1952 ж.), ЕҚЫҰ-ның Копенгаген кеңесінің құжатына (1990 ж.) енгізілген демократиялық сайлаудың жалпыға танымал принциптеріне сәйкес ашықтық және жариялық жағдайларында өтеді.
Дегенмен, дүние жүзінде әбден жетілдірілген сайлау жүйесі әлі толық қалыптаспаған. Ғасырлық демократиялық дәстүрі бар ежелгі мемлекеттердің өздері сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізу барысында кемшіліктерге жол беріп жатады. Мұның өзі саяси науқан үрдісінің ерекшелігін байқатады. Сондықтан да «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң үнемі жетілдіріліп, заманауи әлемнің талаптарына сәйкес түзетіліп отырады. Сайлау заңнамасымен бірге сайлау үдерісі де жақсарады, сайлау-шылар мен сайлауға қатысушылардың да құқықтық мәдениеті артады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Парламент Мәжілісі мен Мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау» туралы тиісті Жарлығына сәйкес, алдағы жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылдағанын айта кету керек.
Соның нәтижесінде, келесідей өзгерістерге қол жеткізіп отырмыз:
Біріншіден, «Қазақстан Республикасындағы сайлау тура-лы» Конституциялық заңда және «Саяси партиялар туралы» заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парламент пен жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы және олардың елдің дамуына белсенді үлес қосуына септігін тигізеді.
Екіншіден, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға және «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңға түзетулер енгізу арқылы парламенттік оппозиция институтын құру мәселесін қарастыратын және оның қызметін регламенттейтін өзгерістер мен толықтырулар жасалды. Енді Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады.
Үшіншіден, алдағы мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өтеді. Бұл модель әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сай келеді, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді, саяси партиялардың жұмысын жандандырады.
– Ал, сайлауда заң бұзушылыққажол бергендерге қандай шара қолданылады?
– Азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуының маңызды кепілі – сайлау ту-ралы заңның талаптарын бұзған тұлғаларға заңда көзделгендей тиісті шаралардың қолданылуы. Заң бойынша сайлау құқығын бұзғандар қылмыстық немесе әкімшілік, сай-лау туралы заңнаманы орындамаған тұлғалар қылмыстық, әкімшілік және конституциялық құқықтық жауапкершікке тартылады.
Конституциялық құқықтық жауаптылық, сондай-ақ, кандидаттар мен сайлау процесінің өзге де қатысушылары үшін де қарастырылған. Сайлау туралы Конституциялық заңның талапта-рына сәйкес, кандидаттың өз кандидатурасын ұсынуы бойынша ережелерді бұзуы, тіркеу үшін қажетті құжаттарды өткізбеуі, Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сай келмеуі, кандидаттың сай-лау алдындағы науқанға лауазымдық не қызмет жағдайын пайдалануы және заңда көзделген өзге де жағдайларда сайлау ко-миссиясы кандидатты тіркеуден бас тартуы не кандидатты тіркеу туралы шешімін өзгертуі мүмкін.
– Тың ақпараттарыңызға рахмет!
Салтанат АҚТӘЖИЕВА