Жаңалықтар

Сарайшық қалашығының орнынан орта ғасырлық үйлер мен тұрмыстық заттар табылды

Қазба жұмыстары барысында көне Сарайшық қалашығының орнынан ортағасырлық үйлердің қабырғалары, тұрмыста қолданылған қыш ыдыстар табылды, деп хабарлайды atr.kz тілішісі.

Бұл туралы бүгін Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің facebook парақшасында жарияланды.

Жазбада Атырау облысы әкімі С.Шәпкеновтың төрағалығымен биылғы 11 тамызда өткен «Сарайшық музей қорығының даму жоспары мен ортағасырлық Сарайшық қалашығының мәселелері» тақырыбындағы жиынның хаттамасына сәйкес 4 қыркүйекте Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі ортағасырлық Сарайшық қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын бастағанын хабарлаған. 

img 9805

“Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жанынан құралған экспедиция өз жұмысын жалғастыру үстінде. 

Қазба жұмыстары барысында орта ғасырлық үйлердің қабырғалары, тандыр пеш орындары, қыш ыдыс түрлері, сүйек бұйымдар түрлері, орта ғасырлық   монеталар,  қола айна табылды”,- делінген  жазбада. 

Нұргүл Насыр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button