Жарнама
Жаңалықтар

«Сарайшық – бабалар мұрасы» симпозиумы: Тарих пен өнердің тоғысы

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Сарайшық — бабалар мұрасы» жобасы аясындағы симпозиумның алғашқы күні өтіп, өңірдің тарихи-мәдени мұрасын жаңғыртуға арналған маңызды іс-шара болды. Симпозиумды ұйымдастыруға «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» Астана филиалы мен Атырау университетінің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы жетекшілік етті. Жиынға БАҚ өкілдері, ҮЕҰ мүшелері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, суретшілер, оқытушылар мен студенттер қатысты.

dbc28e3a a934 4194 9150 34775cab6b25

Аталған университеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Сарайшық — бабалар мұрасы» жобасы киелі шаһардың тарихи құндылығын көркем бейнелеу, ғылыми-зерттеу және ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында құрылды. Жобаның аясында сурет, мүсін және бейнелеу өнері арқылы Сарайшықтың мәдени маңызын насихаттау қолға алынған. Сонымен қатар, суретшілердің шеберлігін арттыру мен жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеуге бағытталған.

Облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшысы Төлеген Орынбасарұлы іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
-Бұл жоба тарихты суретшілердің көзімен көрсету арқылы оны тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Жастардың қызығушылығын оятып, оларды тарихқа тартуда симпозиумның рөлі жоғары, – деп симпозиум жұмысына сәттілік тіледі.

7e682f37 d837 477e ab70 449ad403e5a6 1

Басқосуда медиа зерттеуші, «Kazunite» компаниясының негізін қалаушы Назира Байырбекова симпозиумның мақсаттарын қолдайтынын жеткізіп, АҚШ ғалымдарымен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін айтты. Оның айтуынша, жоба – жастардың санасын жаңғыртуға және рухани өсуіне ықпал етеді.

300-ге жуық қатысушының басын қосқан симпозиумда суретші-ғалымдар өз тәжірибелерімен бөлісіп, мәдени мұраны сақтау бойынша өзара пікір алмасты. Екі күнге жоспарланған іс-шара барысында сарапшылар мен қоғам белсенділері баяндама жасап, идеяларын ортаға салды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button