Жарнама
Жаңалықтар

Сарайшық ауылында археологиялық жұмыстар басталып кетті

Махамбет ауданы Сарайшық ауылы тасқын судан археологиялық қазба орындарын аман сақтап қалды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Қазіргі уақытта тарихи орында қазба жұмыстары басталып кеткен.

–Жайық жағасында қазба жұмыстары жүруде. Археологиялық жұмыстарға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінен – 18, Батыс Қазақстан облысы университетінен 22 студент пен Сарайшық музейінен 3 археолог қатысуда. Қазба жұмыстары шілде айына дейін жалғасады, — деді Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жанат Кенжеғалиева.

Еске сала кетелік, Сарайшық ауылдық округі бойынша 13,6 шақырым бөгет соғылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button