Жарнама
ЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Сарайшыққа арналған көрмеде 400-ден астам жәдігер қойылды (+ ФОТО)

            Atr.kz/21-ақпан, 2019 жыл. Махамбет ауданындағы «Өнерпаз» мәдениет үйінде «Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ елінің астанасы» атты көрме ұйымдастырылды.       

           Мәдениет және спорт министрлігі мен «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қолға алған көрме сөрелеріне музей қорынан 100-ден аса жәдігер, Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейінен Сарайшық қаласына байланысты суреттер, Сарайшық қаласының тарихын баяндайтын алты стенд, архивтік құжаттар, шаһар жайлы  жазылған кітаптар мен кітапшалар қойылды.                                            

         Шараның ашылу салтанатында Махамбет аудандық мәслихат хатшысы Марат Мырзашев Сарайшықтың туристік орталыққа айналуын қолдап, оның маңызын түсіндірді. «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы басшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Мұқтар музей-қорықтың алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырды. Сондай-ақ, Қасым ханның ескерткішін тұрғызу жайлы ұсыныстардың қабылданғаны туралы айтылды. Екі күнде көрермендерге 400-ден астам жәдігер ұсынған көрмені бірқатар тұрғын тамашалады.

           Жүніс БАЙҒАЛИЕВ,

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының әдіскері,Махамбет ауданы.

image
image 1
image 2

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button