Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Салықтық жеңілдіктер ауылдағы шаруаның тынысын ашады

Мемлекет басшысы қол қойған жаңа Салық кодексі аграрлық саладағы кәсіпкерлер үшін үлкен демеу болды деп есептеймін. Әсіресе, салықтардың санын азайту, есептілікті жеңілдету және арнаулы салық режимдерін оңтайландыру – ауылдағы нақты жұмыстың бағасын білетін әр шаруаның көптен күткен жаңалығы.

Бүгінгі таңда шаруа қожалықтарының басты мәселелерінің бірі салықтық есеп-қисаптың ауыртпалығы болатын. Енді жаңа Кодекске сәйкес, арнаулы салық режимі тек үш бағытта қолданылады: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, оңайлатылған декларация және шаруа қожалықтары үшін. Бұл біз үшін салықтық түсініспеушіліктерді азайтып, жұмысты нақты жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, мобильдік қосымша арқылы төлемдерді есептеп, төлеу мүмкіндігі – цифрландырудың ауылға келген айқын көрінісі. Бұрын аудан орталығына барып, кезекте тұрып төлейтін салықтар енді қолжетімді әрі түсінікті болады деп сенемін. Бұдан өзге, 10 жылдан жоғары көліктерге салынатын салықтың төмендеуі – ауыл шаруашылығында жиі қолданылатын ескі техникалар үшін үлкен жеңілдік.

Жалпы, жаңа Салық кодексі ауылдағы кәсіп иелерінің еңсесін тіктеп, бейнетінің бағасын арттыратын нақты қадам деп білемін. Енді тек осы өзгерістерді жергілікті деңгейде дұрыс түсіндіріп, жүзеге асыру маңызды. Бұл – мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайтатын маңызды реформа.

Жеңіс Әбілқайыров,
“Асыл тұқымды Еділбай қойын өсіретін Бірлестік” шаруа қожалығының басшысы,
Ауыл шаруашылығы саласының үздігі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button