Жарнама
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Саладағы жаңа серпін

Цифрландыру бағдарламасы аясында аймақта медицина саласында бірқатар бастамалар қолға алынып,  бұл жұмыстар  облыстық кардиологиялық орталықта да жүйелі іске асуда.

25b2916b5c49db617f52fa5ea48efee7-2

Бүгінде электронды тіркелу, дәрігерге алдын ала жазы­лу, анық­тамаларды элек­тронды түрде беру жұмыстары жүргізілуде. Бұл, ең алдымен, ақ халаттылардың еңбек өнімділігін арттырып, науқасқа жеткілікті көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бұл жүйе емделу­ші үшін де тиімді болмақ. Әр науқас өзінің жеке кабинеті немесе «KAZmed» жүйе­сі арқылы алдын ала дәрігердің қабылдауына жазылып, ақыл-кеңес, өзіне еңбекке жарамсыздығы жөніндегі қағаздың көшір­месін электронды түрде алады. Тұрғындардың элек­тронды паспорты жасалып, өзінің денсаулығын қадағалап отыруға мүмкіндік  туды. Бұл – біздің көптен күткен жұмыстың нәтижесі. Ендігі уақытта қолы қағаздан босаған дәрігерлердің науқас­пен көбірек жұмыс істеуіне, аурудың себеп-салдарын анықтауға мүмкіндігі көбейеді. Осынау медициналық көмекке қолжетімділікті арттыруда аурухана қосымша 57 компьютермен  жабдықталды.

Әсел  КӨРПЕБАЕВА,

облыстық кардиологиялық

орталықтың дәрігер-статисі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button