Жаңалықтар
САҚТАНҒАН САУ ЖҮРЕДІ
Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлағандай, жүргізілген рейдтер барысында пәтер иелеріне жадынамалар таратылып, өрт қауіпсіздігі шарасы туралы нұсқау берілді. Тұрғындармен сұхбат кезінде газ жабдықтарының жағдайы мен жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы айтылып, ересектерге жағылған пеш және тоқ көздеріне қосылған электр жылыту құралдары бар үйлерде балаларды жалғыз қалдырмау қатаң ескертілді.
Өз тілшіміз.