Жаңалықтар
Сайлау учаскесіне той көйлегімен келген жас жұбайлар өз таңдауын жасады
Түркістан облысында сайлау учаскесіне той көйлегімен келген жас жұбайлар дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылдық округіне қарасты Қанағат елдімекенінде жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлар президент сайлауында дауыс берді.
Жас отбасы Жақсылық Зайдин мен Жанару Сайлау Қанағат елдімекеніндегі №631 сайлау учаскесіне той көйлегімен келіп, өз таңдауын жасады.
Саяси науқанға бейжай қарамаған қос ғашық «еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін дауыс бердік» дейді.
Айта кетейік, жалпы Сарыағаш ауданы бойынша — 79, ал Түркістан облысы бойынша — 919 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.