Жаңалықтар
Сайлау учаскесіне келушілер қолөнер көрмесін тамашалауда
Атырау қаласы Жұлдыз ықшам ауданындағы №39 жалпы білім беру орта мектебінде орналасқан №251, 252 сайлау учаскесіне келушілерге ерекше жағдай жасалған.
Мұнда мектеп оқушыларының үздік деген 20 туындысы және жергілікті қолөнершілер Нұрсұлтан Қалиевтің ағаш-тері бұйымдары мен Айнұр Меңдібайдың қыз жасауы қойылған. Келушілер ұлттық бұйымдар туралы тың ақпараттармен танысуда.
-Сайлау учаскесіне келушілер ұлттық бұйымдарымызбен танысып, кейбірі ұнатқан дүниесін сатып алып жатыр. Басты мақсат — халыққа ұлттық өнерді насихаттау, қолөнершілердің еңбегін бағалау, оларды таныту. Баршасының көңіл күйі жақсы. Халық сайлауға белсенді қатысып жатыр, деді №39 жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімі Рита Мұқанова.