Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Сайлау: ішкі істер органдарының 40 мыңға жуық қызметкері күшейтілген режимде қызмет атқаруда

 «ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарына дауыс беруге байланысты ішкі істер органдарының 40 мыңға жуық қызметкері күшейтілген режимде қызметтерін атқаруда. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ» деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров.

 «Сайлау туралы» Заңның 39-бабына сәйкес, полиция қызметкерлерінің сайлау процесіне араласуына, сондай-ақ, дауыс беруге арналған ғимараттардың ішінде болуына құқығы жоқ. Олар тек комиссия төрағасы шақырған жағдайда ғана тәртіпсіздіктің жолын кесу үшін ғана сайлау учаскесіне кіре алады», — деді А.Заппаров.

Оның мәлімдеуінше, әзірге сайлау учаскелерінің төрағаларынан полицейлерге мұндай өтініш түскен жоқ. Жалпы, қазіргі уақытта еліміздегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ. Жағдай ішкі істер органдарының ұдайы бақылауында», — деді министрдің орынбасары.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button