Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

САЙЛАУ-2021: Партиялар тынысы

Әлеумет әлеуеті жолында

«Nur Otan» партиясы өңірлерге сапарын жалғастыруда. Республикалық сайлауал-ды штаб мүшелері Атырау облысынан кейін, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында болды.

Орал өңірінің ұстаздарымен кездесуде алдағы 5 жылда білім саласын дамытудың негізгі басымдықтары талқыланды.- Біздің міндетіміз – мұғалім кәсібінің беделін одан әрі көтеріп, ұстазға құрметті күшейту. Енді педагогтар жалақысы екі есе өсетін болады. 2025 жылға қарай 800 жаңа білім беру нысанын салу есебінен апатты және үш ауысымды мектеп мәселесі шешіледі. Сондай-ақ, шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда 5 мың мектеп жаңғыртылады. Ауыл мектептері түгелдей жылдамдығы жоғары интернетпен қамтылады, — деді партияның республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Бауыржан Байбек.Бұдан соң билеуші партия өкілдері волонтерлермен, студент жастар-мен және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 желтоқсанда өткен «Jas Otan» ұйымының съезінде бастау алған «Мен Nur Otan-ға мүше боламын» жастар челленджінің аясында билеуші партия қатарына қазірдің өзінде 6 мыңнан астам жас қазақстандық қосылды.

Штаб мүшелері Орал трансформатор зауытының жұмысшыларымен кездесуде өңірдің проблемаларын талқылады. Партия барлық мүдделі тараптармен бірлесіп, Жайық өзенінің тартылуы бойынша қажетті шаралардың қолға алынуына қол жеткізетін болады.Бұдан соң, Ақтөбе облысына келген билеуші партия өкілдері қала және ауыл тұрғындарымен, өнеркәсіптік кәсіпорындар ұжымдарымен, білім және денсаулық сақтау саласының өкілдерімен көптеген кездесулер өткізді.

– «Nur Otan» партиясының негізгі басымдықтарының бірі – азаматтардың денсаулығы. Бұл саланы қаржыландыру көлемі елдің ЖІӨ-нің 5%-не дейін жеткізілетін болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияның сайлауалды съезінде атап өткендей, дәрігерлердің жалақысын екі жарым есе өсіру жоспарлануда. Сондай-ақ, бір салаға терең бейімделген қажетті мамандарды даярлауға бөлінетін гранттар саны ұлғайтылады, — деді штаб жетекшісі Бауыржан Қыдырғалиұлы.

Партия өкілдерінің өңірлерге сапары Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жалғасты.

Өз тілшіміз

Бизнес колледжіндегі кездесу

Қазақстан Халық партиясының үгіт-насихат тобы Атырау бизнес және құқық колледжінің еңбек ұжымымен кездесіп, жиында партияның бағдарламасында қамтылған мәселелер талқыланды.

Білім ошағында өткен шарада Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Исатай Балмағамбетов, Данияр Өгізбаевтар және қалалық Мәслихат депутаттығына үміткерлер Рауан Дәулетияров, Максим Федотовтар сайлаушыларға Қазақстан Халық партиясының қай бағытты ұстанатынын, оның мүшелері қандай мәселелерді көтеретінін егжей-тегжейлі айтып берді.

Атап айтқанда, саяси ұйым азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктер, төлемдер, жастар үшін тең мүмкіндіктер жасау, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау және сақтау секілді өзекті мәселелерді де көтеретіндігін жеткізді. Жүздесу кезінде партия мүшелері көпшілікті толғандырып жүрген өзекті мәселелерге тоқталды. Тегін білім, сапалы медицина, қолжетімді тұрғын үй, тағы басқа мәселелер көтерілді.

– Қазақстан Халық партиясы жоғары білім алу тегін болғандығын қалайды. Оқытушыларды қағазбастылықтан арылтып, оларды арнайы төлемдермен қамтамасыз ету керек. Қазіргідей қашықтан оқыту кезінде біз мұғалімдердің еңбегінің орасан зор әрі маңызды екенін түсіндік. Балаларды оқыту және оларға сапалы білім берудің оңай қызмет еместігін мойындай бастадық. Сондықтан, біз оқытушыларды әрдайым дәріптеп, олардың шығармашылық бағытта дамуына ықпал етуіміз керек, — деді жиында сөз алған сайлауалды үгіт-насихат тобының жетекшісі Ерболат Дәулетқазиев.

Сондай-ақ, кандидаттар жастардың дамып, жетілуі үшін мем-лекет олардың барлық әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешіп, тұрғын үймен қамтамасыз етуі керек екендігін көтерді. Елімізде қолданыстағы тұрғын үй бағдарламалары жастар үшін қолжетімсіз екенін, оларды жастар мен жас отбасылардың пайдасына қарай өзгерту қажеттігін де тілге тиек етті.

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Бағыты – айқын, мақсаты – анық

«ADAL» партиясының өкілдері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушыларымен кездесті.

Партияның баспасөзбен байланыс өкілдерінің хабарлау-ынша, жиынға осы партиядан ұсынылған кандидаттар Эльдар Жұмағазиев, Олжас Ордабаев және партия аппаратының басшысы Бауыржан Оразғалиев қатысты. Кездесу барысында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы миссиясының басшысы, елші Ярослав Марцин Домански партия өкілдеріне қабылдау үшін алғыс айтып, топ мүшелерімен таныстырды.

– Біз сіздің елге 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы үкіметінің шақыруымен ЕҚЫҰ мүшелері ретінде келдік. Басты міндетіміз – Қазақстанның белгілі бір міндеттері болғандықтан, осы жерде болған кезде бұл процестің халықаралық нормаларға қаншалықты сәйкес келетінін талдайтын боламыз, — деді Ярослав Домански.

Миссия өкілдері ребрендинг, «ADAL» партиясының құрамы, оның сайлауалды бағдарламасы және міндеттері туралы бірқатар сұрақ қойды. Партия өкілдерінен толық жауаптар алғаннан кейін тараптар сайлау кезеңінде белсенді өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаласты.

– Мәнді және өте маңызды кездесу үшін рахмет. Сайлауға қатысушы партия өкілдеріне сәттілік тілейміз, — деді миссия өкілі.

Өз тілшіміз

«Ақжолдықтар» – аудан мен ұжымдарда

«Ақ жол» демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының өкілдері үгіт-насихат науқанына орай Индер, Қызылқоға ауда-ны тұрғындарымен, еңбек ұжымдарымен кезде-су өткізді. Басқосуға сайлаушылар қатысты.

Жиынды Атырау облыстық филиалының төрағасы Ермекқали Юсупов ашып жүргізді. Төраға жиналғандарды партияның сай-лауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, бизнесті қолдау бойынша сөз қозғады. Басқосуда партияның сайлау-алды бағдарламасы негізінде филиалдың саяси кеңесшісі Әбілхан Төлеуішев, Мәжіліс депутаттығына үміткер Серік Ерубаев, сондай-ақ, Нұрлан Дәулетқалиевтар өз ойларын ортаға салды. Сайлаушылар сауалдарына жауап қайтарды. Осындай кездесулер «Индер Тұз», «Индер Темір Жолы» ЖШС, «Akzhaiyk Avtopark» ЖШС ұжымдарымен, Қызылқоға ауданының Сағыз селосында да өтті. Кездесу барысында әлеуметтік мәселелер, бизнесті қолдау және жұмыс орындарын сақтауға байланысты шаралар талқыланды.

Лиза СЕЙТІМОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button