
ЖаңалықтарСарапTimeСаясат
Сайлау-2021: 8 қызылқоғалық алғаш рет дауыс береді
Ауыл әкімдерін сайлау науқанына қатысатын сайлаушылар арасында Қызылқоға ауылдық округі тұрғындары да бар.
Мұндағы №153 сайлау уческесі «Қарабау» орта мектебі ғимаратында орналасқан. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мақсот Мұқановтың айтуынша, учаскелік бөлініс бойынша дауыс беруге құқылы азаматтар арасында 853 сайлаушы бар. Оның ішінде 8 адам сайлау науқанында алғаш рет дауыс бермек.