Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Сайлау — 2019: Президенттікке үміткер ұсыну бойынша 35 өтініш түсті

Аtr.kz/28 сәуір, 2019 жыл.Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға үміткерлерді ұсыну кезеңін қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, аталған аралықта сайлау комиссиясына 9 бірлестіктен басқа 35 өтініш келіп түскен. «29 өтініш жеке тұлғалардан түсті, оның біреуі — азаматтар тобынан, 6 — заңды тұлғалардан, оның ішінде өңірлік қоғамдық қордан келіп түсті. Өтініштер пошта конверттері, электрондық үкімет порталы, Орталық сайлау комиссиясының электрондық поштасы арқылы және қолма-қол қабылданды», — деді Петров ОСК отырысында. Сипаты бойынша өтініштер сайлау процесін ұйымдастыру (11), сайлау заңнамасы мәселелері бойынша түсініктемелер (12), талапқа сай келмейтін субъектілерден Президенттікке кандидаттарды ұсыну (12) жөнінде болған. «32 өтініш бойынша оның иелеріне жауап берілді және бүгін келген бір өтініш қарастырылып жатыр. Орталық сайлау комиссиясының құзырына жатпайтын екі өтініш тиісті органдарға жіберілді. Айта кетейік, 2019 жылдың 28 сәуірінде сағат 18.00-де ҚР Президенттігіне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Нәтижесінде президенттік сайлауға қатысу үшін 9 республикалық қоғамдық бірлестіктің, оның ішінде 4 саяси партияның өкілдері ҚР Орталық сайлау комиссиясына тиісті құжаттар өткізді. Орталық сайлау комиссиясы арқылы үміткерлікке сәйкестігі анықталған 4 кандидат қазіргі уақытта қол жинауға кірісіп кетті. Олар 12 облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан 11 мамырға дейін кемінде 118 140 қол жинауы қажет. Өзге кандидаттардың заңнамаға сәйкестігі алдағы күндері белгілі болады. ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу 2019 жылдың 11 мамырында сағат 18.00-де аяқталады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button