Жарнама
Жаңалықтар

Садақаны сауда бер!

Атам қазақ басы ауырып, балтыры сыздағанда Жаратушыға құлшылық қылып, садақа айтқан. Садақаның мәні мен маңызы тереңде. Ол  дүние-байлықпен, болмаса қыруар қаражатпен бағаланбайды. Қолыңда ештеңең болмаса, жаныңдағы жабырқаулы жанға бір ауыз жылы сөз айтсаң, не оған қолыңнан келер көмегіңді көрсетсең, тіпті күлімсірей бір қарасаң да  – осылардың өзі сауапты іс,  садақа болып жазылады дейді.

садака

Жасыратыны жоқ, халықтың бәрі бірдей бай, бәрі бірдей ауқатты емес. Өмірдің түрлі тауқыметіне төтеп беріп, отбасын асырау қамымен жүрген әлеуметтік жағдайы төмен адамдар да баршылық. Үлкендер мен Ислам дінін насихаттаушылардан естігеніміздей, жоқ-жітікке садақа беріп, қайырымды іс жасау орасан зор сауапқа кенелтіп, күнәлардан арылтады.

Жуырда Атырау қаласына таяу Алғабас ауылындағы «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжановтың бастамасымен көп балалы, аз қамтылған бірнеше отбасына күнделікті тұтынатын азық-түлік тағамдары  таратылды. Тағамдай таратылған садақа жылдық азық болмаса да, қазақы дәстүріміздің жалғасын тауып келе жатқанының бір белгісі еді.

Лиза Сейтімова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button