Жарнама
Жаңалықтар

Сабын және әшекей бұйымдар жәрмеңкесі көпті сүйсінтті

Облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы ғимаратының алдында «Urshyk» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеде қолөнер шебері Гүлжан Әлібекова емдік табиғи сабын жасап, оған тек табиғи компоненттер қосылған. Ал, 10 жастағы Үміт Еркебай да бисерден өзі жасаған әшекей бұйымдарын әкелген. Жас шебердің қолынан шыққан бұйымдар көрме қатысушыларының назарын ерекше аударды.
Жәрмеңкедегі бұйымдарға көргендер лайықты бағасын берді, өйткені бұл халықтың да қызығушылығын арттырды. Көрмеге көп жиналған жергілікті тұрғындардың әдемі әрі пайдалы бұйымдарды сатып алуға құлшынысы жоғары болды.
– Біздің мақсатымыз – халықтың мәдениеті мен қолөнерін насихаттау. Ал, референдум – ел болашағы үшін маңызды қадам, сондықтан біз өз өнімдерімізді халыққа ұсынуды осы шарамен байланыстырып отырмыз, — дейді Гүлжан Әлібекова.
Осылайша, референдум учаскесіндегі сайлаушылардың белсенділігі мен мәдени шараның өзара үндестігі байқалды.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button