Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Сәресін ішпей Ораза ұстауға бола ма?

Аtr.kz/12 мамыр, 2019 жыл.Ораза тұтушы үшін таң атпай тұрып ас-су ішіп, құлшылыққа қамдануы мұстахаб амал саналады. Мұны сәресі деп атайды.

Әнас бин Малик (р.а.): «Сәресі ішіңдер, өйткені сәресіде береке бар», – деген хадисті риуаят еткен.

Сәресінің берекеті

Сәресі ішу дегеніміз – сүннетті орындау, кітап иелеріне ұқсап қалмау, құлшылыққа күш-қуат жинау, белсенділікті арттыру, аштық себепті жаман мінездің пайда болуын алдын алу, садақа беруге жігерлендіру, дұға-тілек етуге мүмкіндік.

Сәресінің бірнеше хикметі бар, олар:

  • Құлшылыққа күш-қуат беруі.
  • Кітап иелеріне ұқсамау. Өйткені, олар ораза тұту үшін сәресі ішпейді. Амр бин Ас (р.а.) Пайғамбарымыздың: «Біз ораза мен кітап иелерінің оразасының айырмашылығы – сәресі ішуде», – дегенін жеткізген.

Сәресі уақыты

Хадисте Зайд бин Сабиттің (р.а.) Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге сәресі ішіп, сосын намазға тұрады. Әнас: «Екеуінің арасы қанша уақыт болды», – деп сұрағанда, Зайдтың: «Елу аят шамасынша»,– деп жауап бергені баяндалады.

Бұл Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) таң атқанға аз уақыт қалғанға дейін сәресі ішкенін білдіреді.

Сәресінің мөлшері

Әбу Сағид Худрий (р.а.): «Сәресі – берекелі ас. Оны тастаушы болмаңдар. Тіпті, бір жұтым су ішсеңдер де…, – деген риуаят жеткізеді.

Ең абзал сәресі

Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Мұсылманның сәресісі болған құрма неткен тамаша», – деп айтылған. Демек, сәресіде құрма жеу де абзал амалдар қатарына жатады, деп жазады muftyat.kz.

Рамазан айы қашан басталады?

6 мамырда басталған қасиетті Рамазан айы 4 маусымда аяқталады. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз.

Қасиетті Қадір түні – 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусымда Ораза айт мейрамы басталады. Құрбан айт 11-13 тамыз күндеріне түсіп тұр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button