Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Рұқсатсыз тауарға жол жоқ!

Аtr.kz/23 сәуір, 2020 жыл. Республика аумағына әкелінетін дәрі-дәрмек, медициналық заттар мен дезинфекциялық құралдар мақсатты қолданылып жүр ме?  

Кәсіпкерлер 2020 жылдың 16 наурызынан 30 қыркүйегіне дейін ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін жеке қорғану заттары, дезинфекциялық құралдар, диагностикалық реагенттер, дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтың жекелеген түрлері мен материалдарына салынатын кеден салығынан босатылған. Тек кедендік органдарға әкелінген тауарлардың мақсатты қолданылу рұқсаты болса жеткілікті. Оны еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі береді. Бұл үшін министрліктің Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің сайтына жазбаша өтінім жіберу керек.

Тауарларды мақсатты қолдану рұқсатын алуға қажетті құжаттар:

— формаға сәйкес өтініш;

— дезинфекциялық құралдарға үлгі медициналық заттар мен дәрі-дәрмекке үлгі контракт немесе инвойс;

— сапаны растайтын құжат;

— егер бар болса түпкі алушымен құжаттар (медициналық ұйым);

— рұқсат құжаттың көшірмесі.

Тауарларды мақсатты қолдану рұқсатын:

— Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті – дәрі-дәрмек және медициналық заттарға;

— Ал, аталған комитеттің аумақтық департаменттері – дезинфекциялық және вирусқа қарсы құралдарға береді.

Амандық АБДОЛ

http://atr.kz/bez-rubriki/%d1%8dkskl%d1%8eziv-olar-1-qazanga-dejin-mindetti-aleumettik-medicinalyq-saqtandyru-toleminen-bosatylady/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button