*Рухы асқақ, тұғыры биік Қазақстан – 30 жыл: Қазақ елі ең ірі халықаралық ұйымдарға қалай жетекшілік жасады?
Қазақстанға Еуропаның және мұсылман әлемінің ең ірі халықаралық ұйымдарына жетекшілік етудің сеніп тапсырылуы – әлемдік қоғамдастықтағы Қазақ елі ұстанған саясаттың жоғары бағаланатынының көрсеткіші.
Осылайша, беделді халықаралық ұйымдарға төрағалық етуі арқылы өзінің әлемдегі өзекті мәселелер бойынша күн тәртібін қалыптастыруға және өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мәселелері бойынша да жауапты шешімдер қабылдауға қауқарлы екенін көрсетті.
Қазақстан және ЕҚЫҰ Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі – елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) – Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі. Қазақстан – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет. Мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қ а ғ и д ат ы н ж ә н е « В а н ку ве рд е н Владивостостокке дейінгі ортақ кеңістік» доктринасының пәрменділігін ЕҚЫҰның сақтағанын көрсеткен бұл тарихи шешім республикамыздың халықаралық саясаттағы барған сайын артып келе жатқан ролінің мойындалуының айғағына айналды.
Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance). Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның 11 жылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын. Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 мемлекет және үкімет басшысы, жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты.
Еуро-атлантикалық және Еуразиялық кеңістіктердегі тұрақты қауіпсіздік мәселелері, Ауғанстан түйткілі, «тоңы жібімей келе жатқан» қақтығыстарды шешу жайы Саммиттің негізгі тақырыптары ретінде талқыланды. Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астана декларациясы қабылданды. Онда Саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Хельсинки актісінде және Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында, Ұйымның өзге де құжаттарында бекітілген міндеттемелерін, қағидаттары мен құндылықтарын қуаттады.
Сонымен қатар, қатысушы елдер өкілдері ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемі бойынша жұмысты жалғастыруға, ұйымның жауапкершілігі аймағында орын алып отырған қақтығыстарды реттеуде күш-жігерді артыруға, адам құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, жаңа қатерлерге лайықты түрде қарсы тұру мүддесі жолында Ұйым жұмысын жаңаша жолға қоюға міндеттенді.
Астанадағы Саммит делегация басшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Мәселен, Ұйымның Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо Қазақстан елордасында қабылданған шешімдер ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың біртұтас стратегиясын жасауға ықпал ететінін атаса, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының мейлінше табысты болғанын атады.
Ал, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта үлкен рөл атқаратынының дәлелі екенін атады. Қазақстан және БҰҰ Халықаралық ұйымдар арасында мәртебесі биік Біріккен Ұлттар Ұйымына Қазақ елі мүше болған 1992 жылдан бергі аралықта екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейі қалыптасты. Қазақстан аталған ұйымның мүшесі ретінде өзінің белсенді іс-қимылымен көрініп, халықаралық ауқымдағы саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық, экологиялық мәселелерді шешуге, әлемдік қауіпсіздікті нығайтуға атсалысып келеді.
Осы арада Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың, әсіресе халықаралық қауіпсіздік саласына қатысты әр жылдардағы игі бастамалары БҰҰ тарапынан үнемі қолдау тауып отыруы ел беделін көтеріп, әлемдік қоғамдастықтағы ролін арттыра түскенін айрықша атаған жөн. Қазақ елінің ұйытқы болу ымен аталған алаңда көтерілген игі бастамалардың негізгілерін атап өтер болсақ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін (АӨСШК) шақыру, Орталық Азия үшін БҰҰ-ның арнайы экономикалық бағдарламасын құру, Арал, Семей экологиялық апатты аймақтарды қалпына келтіру.
Сонымен қатар, ұйымға мүше мемлекеттердің қорғаныс саласы бюджетінің бір пайызын БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына арналған арнайы қорына жыл сайын аудару, 2013-2022 жылдарды Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы ретінде жариялау және тағы басқа. Бұл қадамдар елімізге бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша халықаралық күш-жігерге елеулі үлес қосуға мүмкіндік берді. Бірнеше жылдарға жалғасқан бейбітшілікті қолдау бағытындағы жұмыстар әлі де табысты атқарылып келеді.
Соның бір айғағындай, 2020 жылы 21 қыркүйекте Президент ҚасымЖомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада бейне үндеу жасады. Аталған шара коронавирус індетіне байланысты онлайн форматта өткен болатын. Жалпы, ҚасымЖомарт Тоқаев – БҰҰ жұмысын жақсы білетін тұлға. Қазақстан Президентінің дипломатиялық қызметі жолындағы ең бір жарқын да жауапты кезеңдерінің бірі БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және осы ұйымның Женевадағы кеңсесінің Бас директоры лауазымына тағайындалуымен тікелей байланысты.
Біріккен Ұлттар Ұйымының тарихында алғаш рет осы деңгейдегі лауазым Орталық Азия өкіліне ұсынылған кезде оған Қасым-Жомарт Тоқаев лайық деп танылып, нәтижесінде ол 2011 жылдан 2013 жылға дейін бұл қызметте табысты жұмыс істеді. Саяси тұрақтылық пен бірлікті бағалайтын ұйымдағы Қазақстанға қатысты тағы бір маңызды мәселе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайлануы. Бас Ассамблеяда өткен дауыс беру кезінде Қазақстан 138 мемлекеттің қолдауына ие болған-ды.
Қазақстан және ИЫҰ М ұ с ы л м а н м е м л е к е т т е р і басшыларының 1969 жылғы 25 қыркүйекте Рабатта өткен конференциясында негізі қаланған Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) – ең ірі және ықпалды үкіметтік әрі халықаралық мұсылман ұйымы. Қазіргі уақытта ол жалпы саны шамамен 1,5 миллиард адамды қамтитын 57 елдің басын біріктіріп отыр. Негізгі қағидаттарының қатарына толық теңдік, әр халықтың өз тағдырын өзі шешу құқығына деген құрмет, ішкі істеріне араласпау, мемлекеттердің егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын құрметтеу, ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді келіссөз, араағайындық немесе арбитраж арқылы бейбіт жолмен шешу сынды маңызды мәселелер кіретін ұйымға Қазақстан 1995 жылдан бастап толық құқылы мүше.
Астанада 2011 жылғы 28-30 маусымда Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 38-ші сессиясы өтті. Сол сәттен бастап Қазақстан осы халықаралық ұйымға төрағалық етуге кірісті. Бұл басқосуды тарихи оқиға деп атауға болады. Өйткені, онда Ислам конференциясы ұйымы атауын (ИКҰ) Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) деп өзгерту туралы шешім шығарылып, Адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссия құрылды.
Алғаш рет ИЫҰ-ның Орталық Азиямен ынтымақтастық жөніндегі іс-әрекет жоспары қабылданды. Жаңғырту мен реформаларды ХХІ ғасырдағы Ислам әлемі дамуының негізі деп жариялаған, мазмұны жөнінен ұйымның ең прогрессивті құжаты болған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мұсылман үмметі алдындағы бағдарламалық сөзі ИЫҰ Астана декларациясының негізін қалады. Сыртқы істер министрлері кеңесі (СІМК) 100-ден астам қарар қабылдады.
Соның ішінде Қазақстанның бастамасымен ұсынылған Ауғанстандағы заңсыз есірткі өндіру және оның айналымымен күресу, бұрынғы Семей ядролық полигоны мен Арал теңізі өңірлерін сауықтырып, қалпына келтіру жөніндегі құжаттар бар. Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы СІМК төрағалығының 2011-2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен бағдарламасында көрініс тапқан басымдықтарды біртіндеп және жүйелі түрде жүзеге асырды. Оған қоса, ұйымға мүше мемлекеттермен, ИЫҰ Бас хатшылығымен және институттарымен бірлесе отырып, 2011 жылы VII Бүкіләлемдік Ислам экономикалық форумында және СІМК 38-ші сессиясында көтерілген өзара азық-түлікпен жәрдемдесу жүйесін құру, шағын және орта бизнесті қолдау тетігін қалыптастыру, ұйым өкілдерінің G20 және өзге де саммиттерге қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның бастамаларын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілді.
Ислам әлеміндегі күрделі геосаяси ахуалға байланысты ИЫҰ Атқару комитетінің Сирия мен Ливиядағы д а ғ д а р ы с т ы р е т т еу ге а р н а л ғ а н төтенше отырыстары өтті. Сомалидегі гуманитарлық апатты еңсеру, исламофобиямен күрес және дінаралық қ а қ т ы ғ ы с т а р д ы ң а л д ы н а л у мәселелері Ұйым назарына алынды. Қазақстан төрағалығы кезінде өткізілген кең ауқымды науқан аясында Сомали үшін жалпы мөлшері 500 миллион доллардан астам қаржы жинақталды.
Сондай-ақ, Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сауда және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитеті (КОМСЕК) төрағасының орынбасары болып сайланды. Бұл комитет – ИЫҰ-ның ұйымға мүше мемлекеттер арасында саудаэкономикалық өзара әрекеттестікті жүзеге асыруға жауапты басты органы. ИЫҰ ха лықара лық деңгейде Қазақстанның бастамаларын қолдап, олардың сәтті жүзеге асырылуына өз үлесін қосып келеді.
Беделді ұйым Қазақстанның өркениетаралық және дінаралық диалогты дамыту саласындағы маңызды үйлестірушілік ролін мойындайды. Ықпалдастықтың аса маңызды қыры ретінде ИЫҰ-ның қаржылық құрылымдарымен, әсіресе мұсылман әлеміндегі ең ірі инвестордың бірі – Ислам даму банкімен арадағы ынтымақтастықты дамыту ісін санауға болады.
Дайындаған: Гүлжан ӘМІРОВА