Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Құрманғазы ауданының тұрғындарын не толғандырады?

Құрманғазы аудандық мәдениет үйінде Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Сәрсенбай Еңсегенов пен Бақытжан Ертаев жұртшылық өкілдерімен кездесті. 

1

Олар Парламент қабырғасында қабылданған жаңа заңдар, салық, кеден кодексіне енгізілген өзгерістер мен жаңашыл нормалар, еліміздің кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарына жасалып жатқан жеңілдіктер, «ҚР 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеті» туралы заңы, атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер жөнінде әңгімеледі.

Кездесуде еңбек ардагері Ө.Қажымғалиев Қиғаш өзенін тереңдетіп қазуда тазаланатын топырақты бөлек полигон етіп жабу, алдағы уақытта елді мекендерді ішкі жолдармен қамту жөніндегі ұсынысын жеткізді. Еңбекші ауылдық округінің әкімі Қ.Ғаббасов Сурхан көпірінен Шора өзегіне дейінгі бес шақырым су бойы Қиғашпен бірге қазылса, ауыл тұрғындары таза судан таршылық көрмейтінін депутаттар қаперіне берді.

Айнагүл ШАКУПОВА

Құрманғазы ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button