
ЖаңалықтарҚоғам
Құрманғазы ауданында азық-түлік дүкені өртеніп кетті
Атырау облысы, Құрманғазы ауданында азық-түлік дүкені өртеніп кетті. Оқиға 26 желтоқсан күні, сағат 14:28 шамасында болған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауданға қарасты Ақкөл селосындағы М.Әуезов көшесінің бойында орналасқан «Нұр-Әли» дүкенінің төбе жабындысы мен ішкі бөлігі толық өртенген. Жалпы, жалын 120 шаршы метр аумақты қамтыған.
«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 1 арнаулы техника және жеке құрамдағы 6 адам жұмылдырылыпты. Өрт сағат 17:37-де өшірілді.
Айдос Қарабала