Қандай да бір әуе компанияның себебінен әуе сапары кейінге шегерілсе, жолаушылардың тиісті компаниядан әр түрлі қолайлықтарды ұсынуға құқығы бар. Бұл туралы «Air Astana» әуе компаниясы Facebook-тегі парақшасында хабарлайды.

Сапарды 2 сағаттан артық күткенде:
ұзақтығы 5 минуттан артық емес 2 телефон қоңырауы ( халықаралық бағыттар) немесе электрондық почтамен 2 хабарлама жіберу
салқындатылған сусындармен қамтамасыз ету.
Сапарды 4 сағаттан артық күткенде:
әр 6 сағат сайын күндізгі уақытта және әр 8 сағат сайын түнде ыстық тамақпен қамтамасыз ету.
Сапарды түнгі уақытта 6 сағаттан артық күндізгі уақытта 8 сағаттан артық күткенде:
қонақ үйге орналастыру;
қонақүйге дейін және кері қарай көлікпен жеткізу.
Сапарды 10 сағаттан артық күткенде:
Тасымалдаушы жолаушының таңдауы бойынша жоғарыда көрсетілген барлық өтемақыларды ұсынумен тағайындалу орнына дейін ұшуды қамтамасыз етуге немесе жолаушыға билеттің толық құнын қайтаруға міндетті.
Еңлік СҰЛТАН