Жарнама
Жаңалықтар

Республикалық бюджет шығындарының 45% әлеуметтік салаға бағытталады

  Atr.kz/27-ақпан, 2019 жыл. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде мәлімдеді.

20190227105951

«Биыл республикалық бюджет шығындарының 45 проценті әлеуметтік салаға бағытталады. Әлеуметтік бөлімде бірқатар түйткілді мәселелердің бар екені анықталды. Осыған байланысты, азаматтарымыздың әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту үшін Ұлттық қордан қаражат бөлу туралы шешім қабылдадым. Үкімет бұл шығындарды дұрыс әкімшіліктендіруі керек», — деді Президент.

      Айта кетейік, Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтіп жатыр. Онда ең алдымен «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы туралы мәселе қозғалады.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button