Жаңалықтар
Республика Парламент Мәжілісінің депутаттары Атырауға келді
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаты Атырау облысындағы төтенше жағдайға байланысты бүгінгі ахуалымен танысу үшін өңірге ат басын тіреді.
Олардың қатарында Мақсат Толықбай, Ринат Зайытов, Нартай Аралбайұлы, Еділ Жаңбыршин, Абзал Құспан бар. Олар облыстағы табиғи жағдайдағы төтенше жағдай режимінде атқарылып жатқан жұмыстарды бақыламақ. Бұл үшін алдымен Атырау қаласындағы Жайық өзені жағалауындағы бөгет соғу жұмыстарын көріп қайтпақ.
Малика ТӘКЕЖАНОВА