Жаңалықтар
Ресей аймақтарында су тасқыны басталды
Ресейдегі қысқы су тасқыны рекордтық көрсеткішке жетіп, өзендер әдеттегіден үш ай бұрын арнасынан асып жатыр. Орынбор облысындағы Жайық өзенінің су деңгейі бір тәулікте 13 см-ге көтерілді. Билік 2025 жылдың басында су деңгейінің күрт көтерілуіне жол бермеу үшін Ириклин су торабы арқылы суды ағызып жатыр.
Жағдай күрделенуде — су тасқыны трансшекаралық өзендердің деңгейіне әсер етуі мүмкін. Қазақстан да ықтимал салдарға дайындық жүргізіп жатыр: Су ресурстары министрі ақпан айының басында су тасқынына қатысты болжам жасайтынын мәлімдеді, ал елдегі су қоймалары қазірден бастап дайындыққа кірісті.
Б.АЙДАРӘЛИ