
Жаңалықтар
ҚР Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін», делінген Жарлықта.
Дерек көзі: Қазақпарат