Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Қызылқоғада табиғи сүт өндірісі цехы салынады

Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат журналистерге өткен жылдың қорытындысы мен атқарылған жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Аймақта асыл тұқымды мал өсірумен 29 шаруашылық айналысып келсе, былтыр олардың қатары қырыққа жетіп отыр. Мал шаруашылығын дамыту үшін 2020 жылы 1 590 932,0 мың теңге субсидия төленді. Оның 698 936,5 мың теңгесі ірі сабақты мал азығына кеткен шығындарды ішінара субсидиялауға жұмсалды» деді спикер.
Сондай-ақ, Қызылқоға ауданындағы «Құрман» шаруа қожалығы сиыр сауу мен сүт өнімдерін шығару жобасын жүзеге асырмақ. Бұған қоса, аталған қожалық көп кешікпей модульді мал сою пунктін салуды да жоспарлап отыр.


Ал, Атырау қаласындағы «Джумагалиева» жеке кәсіпкерлігі мың бас ірі қара малын бордақылау алаңын салып бітірді. Қазір мал жинау жұмыстары жүргізілуде. Сол секілді, қаладағы «Jan&Adil» ЖШС-і де осындай мың сиырға шақталған алаң құрылысымен айналысуда.


Құс өсіру кәсібі де соны серпін алды. Атап айтқанда, былтыр Құрманғазы ауданындағы «Бұйырғын» кәсіпорны өндіріс аясын көңейтіп, толықтай төрт желісін іске қосты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button