Қызылқоға: Мұқыр, Сағыз ауылдарында селоішілік жол жалғасады

fd4b44ce 1216 4199 81d7 7be7bdf704b6 Жаңалықтар

«Бұл туралы бүгін өткен жылда атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Сағыз ауылының 13,6 шақырым, Мұқыр ауылының 4,7 шақырым кірме және селоішілік жолдарының құрылысы жалғасады. Сондай ақ, Миялы ауылының 11 шақырым ауылішілік автокөлік жолдары құрылысының жобасы жасақталды. Қазіргі таңда Миялы ауылын толықтай қатқыл табанды тас жолымен қамтамасыз ету үшін 23 шақырым жолдың құрылысына жоба жасақталуда» деп атап өтті спикер Нұрсұлтан Бисембиев.

Еске сала кетелік, Қызылқоға ауданы бойынша автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 734,6 шақырымды құрайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз