Қызылқоға ауданының шалғай елді мекендері ауыз сумен қамтылды
Биыл Қоныстану, Сарқұмақ, Былқылдақты, Қоңыраулы және Кенбай елді мекені орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ал Қоғам, Соркөл, Тасқұдық, Аққора елді мекеніне ауыз су құбырын тарту жұмыстары келер жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.
-Бүгінде аудандағы 26 елді мекеннің 17-сі орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды. Жоспарлы жұмыстар аяқталса, аудан 100 % ауыз сумен қамтылады, — дейді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д.Нығметов.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін Мұқыр ауылының екінші көтермелі су айдау стансасын реконструкциялау жұмыстарын аяқтап, аудан халқын үздіксіз ауыз сумен қамту үшін «Кереген-Сағыз-Жамансор» топтық су құбырын қайта жаңғырту жоспарлануда.
Сонымен қатар, Тайсойған жер асты су қорынан Миялы ауылына дейінгі жалпы ұзындығы 73,5 шақырымды қамтитын су магистралі жүргізіліп, Миялы ауылына жазғы су құбырын тарту жұмыстары аяқталады деп күтілуде.